USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік 20 әншінің қатарына енді

 Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Billboard Hot Trending Songs чартында үздік жиырмалыққа енді. 

Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік 20 әншінің қатарына енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында оның әкесі және продюсері Қанат Айтбаев Instagram парақшасында жазды. «Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар» деп фанаттарға алғысын жеткізді Қанат Айтбаев. Дәл қазір Димаш Құдайберген Fly Away әнімен чартта 19-орында тұр.

Billboard – музыка индустриясына арналған апта сайын шығатын америкалық журнал. Онда сатылымдар туралы статистикалық мәліметтер, радио айналымы және музыкалық чарттың сипатына байланысты кейбір басқа параметрлер негізінде қалыптасатын әртүрлі бағыттағы музыкалық шығарылымдар жарияланады. Billboard алғашқы хиті 1936 жылы пайда болды. Чарттар журналда және веб-сайтта жарияланған. Негізгі чарттар – Hot 100 (үздік 100 ән) және Billboard 200 (үздік 200 альбом).

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана