USD
USD
USD

Димаш Құдайберген – Ақтөбе облысының құрметті азаматы

Алматы, NEGE.

Димаш Құдайберген – Ақтөбе облысының құрметті азаматы
Фото: NEGE.kz

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын ұсыну облыстағы қоғамдық бірлекстіктер мен мәслихат депутаттарының талқысына түсті. Қарастырылған 10 адамның ішінде 4-уі атаққа лайық деп танылды. Олардың ішінде философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен  кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин болды. Сондай-ақ, құрметті азаматтардың қатарына Нью-Йорк қаласында концертін өткізген танымал әнші Димаш Құдайберген де бар.

«Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің түлегі. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасының білімгері. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлдегі орын алды», – деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов.

Ендеше, Димаш Құдайбергеновті марапатымен құттықтаймыз!

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы