USD
USD
USD

«Димаш Крутойдан кетіп қалыпты...»

«Димаш Құдайберген Игорь Крутойдан кетіп қалыпты...», «Крутоймен келісе алмапты...», «Мәселе – ақшада екен...» дегенге саятын гу-гу әлеуметтік желіні кезіп жүр.

«Димаш Крутойдан кетіп қалыпты...»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы әңгімеге байланысты «ДимашӘли» шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова түсініктеме берді.

«Соңғы уақытта желіде әнші Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутойдың арасындағы шығармашылық әріптестікке байланысты шындыққа жанаспайтын ақпарат көбейін кетті. Түсіндіріп берейін. Алғашқы сәттен Димаш пекиндік BG Talent компаниясымен жұмыс істейді. Мұнымен қоса музыкант АҚШ-тың BMG Entertainment компаниясымен шығармашылық байланыста. Сондай-ақ Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және басқа да елдердің композиторларымен байланыста» дейді Н.Жанғазинова.

Ал енді Димаштың Крутоймен қарым-қатынасы қалай? Бұған қатысты ресми өкіл былай деп жауап берді: «Композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің арасында жылы қарым-қатынас орнаған. Крутойдың компаниясымен бірге 2020 жылға жоспарланған концерттердің барлығы кесте бойынша өтіп жатыр».

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен