USD
USD
USD

Димаш концертінен түскен қаражатты Түркия мен Сирияда зардап шеккендерге аударады (видео)

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабаралады. 

Димаш концертінен түскен қаражатты Түркия мен Сирияда зардап шеккендерге аударады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Димаш Құдайберген. 

Ол барлығына амандық тілеп, концерт билеттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін көмекке жіберетінін айтты.

«Сондай-ақ, «Stranger» әлем турнесі аясындағы концерттерімнен түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде аударылатынын хабарлаймын. Толық ақпаратты кейінірек DimashNews сайтындағы командам жариялайды. Барлықтарыңызға амандық тілеймін», - деп мәлімдеді ол. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси