USD
USD
USD

Димаш Қытайды тағы «жарып» жатыр

Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers музыкалық жобасына қатысып, тыңдармандарын тағы тәнті етіп жатыр.

Димаш Қытайды тағы «жарып» жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақтың аты әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers телешоуында өнер көрсетті. Бұл жобада Димаш Stranger әнін шырқап, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.  

Бұл жоба бұған дейінгі жобалардан өзгерек. Өйткені жоба қатысушылары мұнда бәсекеге түспейді. Жобада бір-бірімен танысып, өз жетістіктері, сахнада неше жыл жүргені туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Shine! Super Brothers жобасында Димаш Stranger әнін шырқады. Бұл әнді де ресейлік композитор Игорь Крутой жазған. Оны Димаш алғаш рет тамыз айында «Новая волна» байқауында айтқан, бірақ бұл жолы осы әнді өзгеше шырқады. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе