USD
USD
USD

Димаш халықаралық шарада ән шырқады

Димаш Құдайберген Қытайдың Фучжоу қаласында 8-інші рет өткен «Жібек жолы» халықаралық кино фестивалінің жабылу салтанатында ән салды. Бұл туралы Dimashnews сайты жазды.

Димаш халықаралық шарада ән шырқады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш Қытайда өткен шарада Ресей композиторы Игорь Крутойдың «Сені сағынып жүрмін» композициясын шырқады. Оның ән айтқан сәтін жанкүйерлері Қытайдың CCTV6 ұлттық телеарнасы ақылы тікелей эфирден тамашалады.

Сондай-ақ шарада Димаш Қытайдың танымал әншісі Чан Шилэймен дуэт құрып, «Heaven and Earth» атты әнді ұсынды.

«Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі 2014 жылдан бері өтіп келеді. Бұл жолы дәстүрлі қызыл кілеммен Ұлы Жібек жолының бойында жатқан елдердің көрнекті өнер қайраткерлері ретінде кинорежиссерлер Хуан Цзяньсинь мен Гуань Ху, жазушы Лю Чжэньюнь, кинопродюсер Марко Мюллер, актрисалар Юй Нань мен Лян Цзин, актер Гонг Цзюнь, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жүріп өтті.

Шарадан кейін Димаш Қытай телеарналарының біріне сұхбат беріп, Шәмші Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» әнінен үзінді шырқады», - деп жазады Dimashnews.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.