USD
USD
USD

Димаш «Дайдидау» әні туралы естелігін бөлісті

Димаш Құдайберген Еуропада өткізген турынан әдемі сәттерді бөлісіп жатыр. Ол жеке концертінде түсірілген видеоның бірін жариялап, бір кездері дәл осылай әлемдік сахнада ән айтып тұруды армандағанын жазды.

Димаш «Дайдидау» әні туралы естелігін бөлісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш Құдайберген «Дайдидау» әні туралы естелігін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бұл әнді мен ең алғаш естігенімде мектепте оқып жүрген оқушы едім. Сол кезде «осы әнді бір күні орындасам» деп ойлап жүретінмін. Арада жылдар өтіп, қателеспесем, 17 жасымда бір халықаралық байқауға қатысуға «Дайдидау» әнінің аранжировкасын жасауға кірісіп кеткен едік. Ол кезде Ақтөбе қаласында тұратынмын. Бақытбек аға аранжировкасын жасап, менің ең алғашқы музыкалық продюсерлік қызметімді атқарды. Сол кезде осы видеодағы көріністі елестетіп, армандайтынмын», - деді Димаш Құдайберген.

Димаш бөліскен видеода «Дайдидау» әнін шетелдік көрермен қосыла шырқап жатыр. Оның үстіне көрерменнің бәрі қолына жарық ұстап алған.

Әншінің бұл жазбасына жанкүйерлері лүпіл басып, жылы лебізін білдірген.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол