USD
USD
USD

Димаш ауруханаға түсіп қалды

Бұл жігітті жұрт «сүйкімді сүр бойдақ» деп атайды. Есім-сойы – Димаш Әділет. Ауқатты бизнесменнің ұлы. Швейцарияда тұрады. Жуырда елге келген ол оңбай құлап, ауруханадан бір-ақ шығыпты.

Димаш ауруханаға түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол былай деп жазды: «Дәл сол кезде мен салмағы 16 келі болатын итімді көтеріп, табалдырықтан түсіп келе жаттым. Итімнің буындары әлсіз болғандықтан, өздігінен түсе алмайтын. Қолым бос болмағандықтан, қоршаудан ұстай алмадым. Аяғым тайып кетіп, оңбай құладым. Орнымнан тұра алмадым. Жедел жәрдем келіп, жігіттер омыртқаның төменгі бөлігі мен құймышақ сынған болуы мүмкін екенін айтты.

Д.Әділет.

Сегіз сағат ауруханада болдым. Ауруханада шешілмеген мәселе көп екен. Дегенмен жақсы қарады. Бақытыма орай, омыртқа мен құймышақ аман екен».

Әлеуметтік желіде әрдайым байлығымен мақтанып жүретін Димаш Әділет – Гарвард университетінің түлегі. 11 жасынан бастап Швейцарияда тұрады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.