USD
USD
USD

Димаш АҚШ-та өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді деп хабарлады Vesti.kz.

Димаш АҚШ-та өткен жекпе-жекте жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайт мәліметінше, жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өткен және жоспарланған алты раундқа созылған. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Ниязов жеңіске жетті.

Бұл оның кәсіпқой рингтегі 14-ші және 2017 жылдан бері алғашқы жеңісі болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалған. Содан кейін алдымен грыжа дискілеріне және пандемияға байланысты рингке орала алмады. Ал 29 жастағы аргентиналық бес рет жеңген және сегізінші рет жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова