USD
USD
USD

Димаш Құдайберген жаңа клипі шыққаннан кейін айтылған сынға жауап берді

Таяуда Димаш Құдайберген көпшілікке Aqerke әнінің бейнебаянын ұсынды. Әнсүйер қауым әншінің жаңа бейнебаянына оң бағасын беріп, жылы қабылдағанымен, сыни пікірлер де көп айтылды. Оның ішінде Димаштың авторлық әндері аз екені, опералық вокалға көбірек бетбұрып кеткені сынға алынды.

Димаш Құдайберген
Фото: Бейнебаяннан кадр/Aqerke

Астана, NEGE. Желіде жазылып жатқан сыни пікірлерге өнер иесінің өзі жауап беруді жөн көріпті. Әнші арнайы видеоүндеу жариялап, неліктен бұл әнді таңдағанын айта отырып, шығармашылығындағы ерекшелікті түсіндірді.

«Бұл жұмыс мен үшін ерекше болды. Etno pop, dance pop, edm, folktronica, future bass және house элементтер үндескен заманауи гибридті музыканы әдейі таңдаған болатынмын. Себебі, мақсатым – халық әнін өзгерту емес, әлбетте, оны бүгінгі музыканың тілімен әлем тыңдармандарына жақындату еді. Соңғы пікірлерді оқи отырып, шығармашылығыма қатысты кейбір ойлармен бөлісуді жөн санап отырмын. Кейде мен "тек опера бағытында классикалық шығармалар орындайтыным" немесе "авторлық әндері аз" деген пікірлерді көзім шалып қалады. Шын мәнінде, осы жылдар ішінде операдан бастап поп, рок, этно, тіпті рэпке дейінгі әртүрлі жанрларда жұмыс істеп келемін. Кез келген жанрды жаным сүйеді. Репертуарымның басым бөлігі – өзімнің авторлық әндерім немесе өзім продюсерлік еткен шығармалар», – дейді Димаш. 

Ол соңғы он жыл ішінде кейбір әндері шетелдік тыңдармандардың ықыласына бөленіп, әлемдік Billboard, Fresh Asia, QQ Music сынды музыкалық чарттарда өз бағасын алып үлгергенін атап өтті.

«Мен үшін ең үлкен марапат – әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың қазақ тіліндегі әндерді менімен бірге орындауы. Осы он жыл ішінде Азиядан Америкаға дейінгі әртүрлі елдердегі тыңдармандармен жүздесіп, концерттерімде жеке шығармашылығымнан бөлек, халық әндерімізді де таныту бақыты бұйырды. Егер шетелдік тыңдарман қазақтың бір әнін тыңдап, оның тарихына қызығып, мәдениетімізге жақындай түссе, онда менің еңбегімнің ақталғаны», – деп түсіндіреді ән таңдаудағы мақсатын әнші. 

Бұл ретте әнші өзінің шығармашылық бағыты – неоклассика бағытындағы шығармаларды таныту күрделі екенін алға тартады.

Сондай-ақ әнші қай жанрда шығарма орындаса да, уақыт сынынан өткен, адамдардың жүрегінде ерекше сезім ұялататын, ойына ой қосатын музыка әлдеқайда маңызды екенін айтады.

Қазір оқып жатыр

150 тоннадан астам жанар-жағармайды Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған

Бензин, дизель

Қазақстандықтар мен бизнес бір айда банктерге шамамен 1,8 трлн теңге әкелді

Ақша

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты