USD
USD
USD

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл шешім Женевада өткен ұйым кеңесінің сессиясында жарияланды.

Димаш
Фото: Dimashnews.com

Астана, NEGE. Ұйым өкілдері Димаштың шығармашылығы адамзаттың рухани құндылықтарын дәріптейтінін, әлемдік аудиторияға гуманизм, мейірім және мәдениеттер арасындағы көпір идеяларын жеткізетінін атап өтті.

IOM мәліметінше, Димаштың «Stranger» атты ән кештері Нью-Йорк, Мехико, Берлин сияқты ірі қалаларда өткен және 100 мыңнан астам көрерменді жинаған. Тыңдармандар оның өнерін «жүрекке ем, жанға дауа» деп бағалайды.

Еске салсақ, Димаш 2024 жылы ұйымның аймақтық ізгі ниет елшісі болып тағайындалған еді. Енді ол жаһандық деңгейде мигранттардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз және реттелген көші-қон идеясын ілгерілету бағытындағы халықаралық бастамаларды қолдайтын болады.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.