USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

Әйгілі өнер иесі әлеуметтік желіде қазақтың аты аңызға айналған әншісі Бибігүл Төлегеноваға арналған құттықтауын жариялады.

Димаш Құдайберген
Фото: жеке парақшасынан

Алматы, NEGE. 

«Бүгін біз Қазақстанның рухани әлемінің символы болып табылатын қазақ мәдениетінің нағыз аңыз адамы, әйгілі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бибігүл Ахметқызы – КСРО-ның халық әртісі, Қазақ КСР-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері. Ол бар өмірін өнерге арнап, XX ғасырдағы ірі опера әншілерінің біріне айналды. Оның бұлбұл үні Қазақстанның ғана емес, шетел көрермендерінің де жүрегін жаулап алды. Бибігүл Ахметқызы ұзақ жылдар бойына жаңа буын музыканттарына білім беріп, қазақтың музыка мәдениетіне үлкен үлесін қосып, жас ұрпақты шабыттандыруын жалғастыруда.

Мен осы ұлы мәдениеттің бір өкілі болғаныма мақтанамын. Бибігүл Ахметқызы сияқты шеберлер салған мәдени жолды жалғастыру мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын. Әндеріңіз мәңгілік шырқалсын! Туған күніңізбен!»,-делінген әншінің жазбасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға тағы 5 мыңнан астам мұғалім керек – Тоқаев

маман тапшылығы

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Қытайда емтихан тапсырмай пайдалануға рұқсат берілмек

Жүргізуші куәлігі

Енді Олимпиадаға «артық» адамдар жіберілмейді: Қазақстанда спорт делегацияларының саны шектелмек

Норматив

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу