USD
USD
USD

Димаш байқау жариялады: Жеңімпаз әншімен жеке кездесе алады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа музыкалық жобасы Voice Beyond Horizon премьерасына орай конкурс жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Димаш Құдайберген
Фото: Инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Конкурс жеңімпазының әртістің жанында бір күн өткізуге мүмкіндігі бар.

Ол үшін байқау шарты бойынша қатысушылар өз достарын @voicebeyondhorizon парақшасына жазылуға шақыруы керек. Әрбір шақырылған қолданушы сілтемеге өтіп, жобаның парақшасына тіркелуі керек.

«Ең көп жазылушыны әкелген жанмен жеке кездесіп, бір күнді қуана бірге өткіземін. Қаласа, жеңімпаз тұратын қалаға немесе елге өзім келуге дайынмын», — деді әнші.

Конкурс 3 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат