USD
USD
USD

Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйінде өнер көрсетті (видео)

Ресейлік әнші Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйінде өнер көрсетті. Оқиға орнынан видеоны блогер Біржан Әшім жариялады.

Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйінде өнер көрсетті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қонақтар мен жас жұбайлардың алдында ән айту үшін сахнаға шыққан өнерпаз әуеннің ырғағына жете алмады. Видео авторы Биланның "бұдан да жақсы ән айта алатынын" атап өтті. Әнші қонақтармен дұрыс сөйлесе алмады.

"Жігіттер, ол мүлде бөлек! – деп видео авторы Биланның мас болғанын алға тартып, кадрларды желіге жариялады.

Артынша өнер иесі Қазақстандағы тойлардың біріндегі қылығы үшін кешірім сұрады. Ол жанкүйерлерге мұның ұят болғанын түсіндірді. Әртістің айтуынша, той кезінде минералды су ішкен.

"Мен қатты шаршадым", - деді әнші.

Дима Билан өзінің мінез-құлқын түсіндіріп, Instagram-дағы аккаунтында Stories арқылы жанкүйерлеріне жүгінді.

Әншінің айтуынша, әр адам өмірінде бір рет болса да мас болады. Билан тойға шықпас бұрын үш күн ұйықтамағанын және қатты шаршағанын түсіндірді. Оның айтуынша, оның қазіргі көңіл-күйі ауыр жағдайда ауруханаға түскен әріптесі, әнші және композитор Александр Градскийдің өмірімен байланысты.

 Билан бұл жаңалықты ауыр қабылдап, концерттен кейін көзіне жас алды. 
"Мүмкін ертең мен өкінетін шығармын. Бұл маған ауыр тиді. Мен ұяламын, өте ұяламын және ертең де ұяламын", - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов