USD
USD
USD

Диляра Қайдарова: Институт дәрігері неге 180 мың теңге алады?

Кәдімгі емханалардағы емдеу дәрігеріне қарағанда, білікті мамандар жұмыс істейтін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ақ халаттылары төмен жалақы алады. Бұл туралы институттың басқарма төрайымы Диляра Қайдарова айтты. 

Диляра Қайдарова: Институт дәрігері неге 180 мың теңге алады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, институтта жұмыс істейтін дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары. «Бірақ емханадағы дәрігерлердің жалақысы бізден жоғары. Біздің дәрігерлер 180 мың теңге алса, емханадағылар 300 мың теңгеге дейін алады. Бұл үлкен мәселе. Біз осы жайтты тез арада шешуіміз керек» дейді институт басшысы.

Қазіргі кезде мұндағы мамандар еліміздің әр өңіріне барып, тәжірибесімен бөлісіп келеді. 6-7 ақпан күні Шымкент, Түркістан қаласына жолға шығатын дәрігерлер білген-түйгенін үйретуге әзір. Диляра Қайдарованың пікірінше, ауылдық жерде дәрігерлердің біліктілігі төмен. «Кеше ғана оқу орнын бітірген жастарға тәжірибе керек, оқуы, ізденуі керек» деп түйіндеді.

Айта кету керек, қатерлі ісікке шалдыққандардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Бұл өңірге бюджеттен шамамен 400 млн теңге көзделіпті. Ал өкпе қатерлі ісігі бойынша Еуропада Венгрия алдыңғы орында екен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин