USD
USD
USD

Диляра Аленова премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Диляра Ардаққызы Аленова премьер-министр Олжас Бектеновтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Диляра Ардаққызы Аленова
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. "Қазақстан Республикасы аремьер-министрінің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды", - делінген хабарламада.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады.

Әр жылдары Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Қазақстан республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, "Қазконтент" АҚ-да, Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

"Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеген. 

Қазір оқып жатыр

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны

Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуға банктерді кеңінен тартуды тапсырды

Қанат Бозымбаев

Келер жылы 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан кімдер қағылуы мүмкін?

Ақша