USD
USD
USD

«Дикий Арманның» сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan