USD
USD
USD

Дикий Арман түрмеде өзін өлтірмекші болды

Қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмысы үшін 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев өзіне қол жұмсау әрекетін жасаған. 

Арман
Фото: Nege.kz

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл сотталған (Арман Жұмагелдиев — ред.) өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде» — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Мәліметке сай, осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті күдікте ретінде қамауға алған.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.

2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.

Бұған дейін «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталғанын жазғанбыз.

2024 жылдың желтоқсан айында Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сотта жарыссөз өткен еді.

27 қаңтарда қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» 20 жылға сотталғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик