USD
USD
USD

«Дикий Арманнан» басқа оның қылмыстық тобының 14 мүшесі қамалған

ҚР Бас прокурорының айтуынша, Қаңтар бүлігі бойынша 35 мыңға жуық жедел-тергеу әрекеті жүргізілді. Бұл туралы ол бүгін Мәжілісте баяндады.

«Дикий Арманнан» басқа оның қылмыстық тобының 14 мүшесі қамалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас прокурордың сөзінше, барлық орган бойынша қамауға алынғандар саны – 766. 

«Олар көбіне, 30 жасқа дейінгілер, жұмыссыздар мен жоғары білімі жоқ адамдар. Оның ішінде деструктив діни ағымның 19 өкілі бар. 27-сі тыйым салынған экстремистік ұйым өкілі, 24-і ұйымдасқан қылмыстық топ өкілі. 113 адам бұрын адам өлтіргені үшін, ұрлық жасағаны үшін сотталған». 

Сондай-ақ  «Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің өзі мен оның тобының 14 мүшесі ұсталған.  

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтап жатыр.

Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері «Дикий Арман» мен оның қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде, барлық жәбірленуші  дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соғып, соның салдарынан қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы