15 Ақпан 17:52

Дикий Арман кімнің жанкүйері?

Фото:
Айбек Қали

«Дикий Арман менің жанкүйерім, бүкіл айтысымды жатқа біледі екен» деп мәлімдеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алматы, NEGE. “Мен Арманға барған жоқпын. Айнұр Тұрсынбаева шұжық шығарды, соған Балғынбек екеумізді шақырды. Айтыстағы көптен бері келе жатқан әріптес ретінде, жанұялық дос ретінде шақырды. Соған барғанда Арманмен таныстық. Бізді жергілікті қазақтар қонаққа шақырып, Арманға арнау ештеңе айтқан жоқпыз. Біз тек Балғынбектің тұсаукесерінде айтыстық. Арман айтыстың фанаты екен, соның ішінде менің фанатым екен. Бүкіл айтысымды жатқа біледі екен, сол жерде отырғанда “Айтыстарыңыздан айтасыз ба?» – деді. Жұрттар Арманның туған күніне барды деді, мен 3 қазанда бардым, ал Арманның туған күні тамыз айында екен. Арманның туған күні кезінде досы қайтыс болып, туған күні атап өтілмеген. Сол жерде торт әкеліп, сыйлықтар әкеліп туған күнімен құттықтады. Негізінен ол Айнұрдың шұжығының тұсаукесеріне орай болған”, - деді Айбек Қали.

Тегтер: