Дикий Арман Боратты іздеп жатыр
«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев Қазақстан туралы фильм түсірген Боратты іздестіріп жатыр.

Алматы, NEGE. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
«Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», — деп жазды ол.
Қазір оқып жатыр
Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

