USD
USD
USD

Қатыгез екен: Дикий Арман атып тастады

«Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиев Instagram-дағы парақшасында бұғыны өлтірген видеосын жариялады.

Қатыгез екен: Дикий Арман атып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үлкен жетістіктер біздің басымдығымыз болады, ал интрига мен өсек біздің жауымыз болып қалуы мүмкін. Ин шаа Аллах біз нағыз еркектер, мұсылман екендігімізді дәлелдеп, түзу жүреміз. Сонымен, өздерін «қасқыр» санайтын бұғылардың аң аулау маусымы ашық. Көп ұзамай бәрі біледі, жақында барлығы естиді. Тағы да баршаны келе жатқан Рамазан айымен құттықтаймын!», – деп жазды ол.

Желі оқырмандары Дикий Арманның қатыгездігіне ашуланып, өз пікірлерін қалдырды. Көпшілік Арманның бұл ісін құптамады.

«Асығып жүгіріп бара жатқанға Арман аға баяғы батырлардай алмас пышағын жарқырата суырып, Аллаху Акбар деп бауыздай ма деп едім», «Киік – киелі жануар. Қарғысы өзіне көрінер. Алла сақтай гөр», «Əкесінің құны қалғандай бейшара жануарды соншама атқандары несі», «Өлейін деп жатқан соң атудың не керегі бар еді?», – деп жазды желі оқырмандары.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі