USD
USD
USD

Диқандарға берілетін арзан кредит көлемі артты

Биыл "Кең дала-2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру 3 жарым есе өседі, деп хабарлады 24.kz.

Кредит
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осылайша фермерлерге берілетін арзан несиенің жалпы көлемі 580 млрд теңге болады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Ақмола облысына сапарында мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл диқандарға көктемгі егіс науқанын ойдағыдай аяқтап, күзгі жиын-терім жұмыстарына кірісуіне мүмкіндік береді. Қазір елімізде аталған бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

"Биыл "Кең Дала 2"деген бағдарлама арқылы несиені үш жарым есе көбейттік. 580 млрд-қа дейін жеткіздік. Оның бір ерекшілігі фермерлерге 5 пайызбен беріледі. Себебі аграрлық корпорацияның ішінде бірден арзандатамыз", - деді Жұманғарин.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank