USD
USD
USD

Диқандар күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді

Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Диқандар күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыста 3673,7 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 2938,9 мың гектары бастырылды.

Бұл – тиісінше барлық егіс алқабының 81,1 пайызы болып отыр.

«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 8 центнерден астық жиналуда. Ал, астықты өңірлер Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 11,2-10,8 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 84,7 және 80,7 пайызын еңсерген Есіл және Жақсы аудандарының диқандары көш бастап келеді», – деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4530,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, мал азығы, картоп және көкөніс бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков