USD
USD
USD

Digital Bridge-де ЖИ базасында мұнай өндіруге арналған қазақстандық «жасыл» технология таныстырылды

Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында қазақстандық Recado компаниясы мұнай ұңғымаларының жұмысын оңтайландыру үшін интеллектуалды жүйені ұсынды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Әзірлеме Мемлекет басшысының негізгі салаларға ЖИ және цифрлық инфрақұрылымды енгізу тапсырмаларына жауап болды.

Жүйе ұңғыманың көбінесе босына жұмыс істеп тұратын сорғыларының электр қуатын шығындап, жабдықтың тозуын тездететін тиімсіз жұмысын болдырмайды. «Вангард ИИ» технологиясы «ақылды» контроллер мен датчиктердің көмегімен діріл мен массаны талдайды, сорғыны ұңғымада жеткілікті мөлшерде мұнай жиналған кезде ғана іске қосады. «Ақылды» тұтынудың бұл тәсілі әзірлемені «жасыл» технология ретінде жіктеуге мүмкіндік беріп отыр.

«Жүйені енгізу жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартып, электр қуатын үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар өнімділікке тікелей әсер етеді. Мұндай оңтайландыру өндіріс көлемін 10%-ға дейін арттыруға қабілетті, бұл бюджетке салық түсімдерінің өсуіне әкеледі. Мысалы, күніне 600 тонна мұнай өндіретін ұңғыма үшін оның 10%-ы – қосымша бір мұнай цистернасы»,

— деп атап өтті Recado компаниясының бақылау кеңесі төрағасы Нұрасыл Жарбасов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар