USD
USD
USD

Диетолог нитратсыз қарбызды қалай таңдау керектігін айтты

Қарбыздың барлығы бірдей адамға пайдалы емес. Жемістің кейбірінің құрамында нитрат көп мөлшерде болады, бұл организмдегі оттегінің төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Sputnik.

Диетолог нитратсыз қарбызды қалай таңдау керектігін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазір қарбыз маусымы емес. Олардың барлығына өсіру стимуляторлары қолданылған. Әдетте бұған селитраны пайдаланады. Осыған байланысты қарбыздар белгілі бір жағдайларда нитритке айналатын нитраттардың көптігімен қауіпті. Олар гемоглобинді белсенді емес түрге алмастырады. Бұл жасушалардың тыныс алу процесін бұзады, салдарынан тіндер мен органдарда оттегі азаяды", - деп түсіндірді диетолог Елена Соломатина.

Ол қауіпті қарбызды бірнеше белгі арқылы ажыратуға болатынын жеткізді.

"Әдетте қауіпті қарбызды қақ бөлген кезде ақ немесе сары тамыршықтары көрініп тұрады және мәйегі қантсыз болады", – дейді диетолог.

Сондай-ақ сарапшы жемісті таңдағанда оның түсіне назар аударудың қажеті жоқ екенін ескертті. Себебі қарбызды өсіру кезінде бояу қолданылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция