USD
USD
USD

Сотталушының адвокаты Шерзаттың, Нұрғанаттың, Қаржаубайдың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзаттың соьы
Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысында судья Ержан Жанұзақов сот тергеуінің аяқталып, жарыссөздің басталғанын хабарлады. Жарыссөзді бірінші болып прокурор Дана Сәрсенбай бастап, сотталушыларға жаза мерзімдерін сұрады.

Жарыссөзде тараптардың  қорғаушылары сөз сөйледі. 

Сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың үстінен іс қозғауды сұрады.

«Мейірман Шекеевтің қазіргі жарыссөзінде расында да атыс қаруын қорғауындағы тұлғалардың қолданғанын растап өтті. Сонымен бейнежазбалармен Қаржаубай Нұрымовтың үш рет дүкеннен пышақты бірінші болып алып шығып, қолданғанын ескеріп, Полат Шерзатты, Нұрғанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты ҚР-ның қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған Қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін», – деді адвокат. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар