USD
USD
USD

Диабетке шалдыққандар инсулин таппай жүр

 Біздің елдегі дәріханаларда инсулин тапшылығы байқалады.

Диабетке шалдыққандар инсулин таппай жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қант диабетіне шалдыққандар дәріні қара нарықтан қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр. Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар инсулинді кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін алады. Бірақ емханаларда берілетін дәрі бәріне бірдей келе бермейді. Бұған дәрінің құрамы себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Мысалы, 2019 жылы осы емханаларда берілетін оригинал препараттарды биосимилярларға алмастырған. Сондықтан кей науқастар инсулинді өз қаражатына сатып алатын болған. Науқастар жыл басында ол инсулинді 19 мың теңгеге сатып алса, соңғы айда тапшы болып кеткен. Тіпті, кей дәріханаларында бұл препарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов