USD
USD
USD

Дэвис кубогы: Кукушкин есе жіберді

Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезегінің топтық бәсекесінде Қазақстан мен Швеция матчы өтуде.

Дэвис кубогы: Кукушкин есе жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдымен кортқа Қазақстаннан дүниежүзілік рейтингте 183-сатыда тұрған Михаил Кукушкин, Швециядан әлемнің 171-ракеткасы Элиас Имер шықты.

Бірінші партияда швециялық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 4:4.

Екінші сетте де Э.Имер алға кеткенімен, М.Кукушкин таразы басын теңестірді – 4:4. Содан кейін Имер тағы бір брейк жасап, матчқа доп бергенімен, Кукушкин де қалыспады – 6:6. Бірақ тай-брейкте Имердің жолы болды – 7:6 (7:4).

Э.Имер 9 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. М.Кукушкин 1 эйс, 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады. Тартысты ойын 1 сағат 52 минутқа созылды. Екінші бәсекеде Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 93-сатыдағы Микаэль Имер күш сынасады.

Содан кейін жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесовке Андре Горанссо мен Роберт Линдстедт қарсы тұрады.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық