28 Ақпан 17:26
...

Девальвацияның ащы дәмі

Фото:

Өгізге туған күн, бұзауға да туа ма? Рубльдің бүгінгі Мәскеу биржасындағы құлауынан кейін біраз сарапшылар теңге тұрақтылығына сенімсіздікпен қарай бастады. Жағадан алып отырған басты жау - коронавирус. Вирус мұнай бағасын құлатты, артынан рубльді жалмады. Теңгеге де сыпайы сигнал келгенге ұқсайды. Нәтижесінде бүгін доллар бағамы 380ге бірақ көтерілді. 

Рубль таңертеңнен бері есеңгіреп отыр. Азанда доллар 66,88 рубльмен ашылған. Ал бір сағаттан кейін АҚШ валютасы 67,13 деңгейіне бірақ көтерілді. Қалай дегенмен де, бұл екі жылғы рекордтық құлдырау.

"Рубль мен теңге арасында айырмашылық бар" деп түсіндіреді, Nege.kz тілшісі бірден қоңырау шалған Exante сарапшысы Андрей Чеботарев. Рубльді Ресей Орталық банкі еш қадағаламайды, ол биржадағы таза еркін валюта.

"Қалай болғанда да, рубльдің әрі-бері құбылуы теңгеге қарағанда басымдау болады. Теңге сөз жүзінде ғана еркін. Ал іс жүзінде, оның бағамын түрлі интервенциялармен Ұлттық Банк реттеп отыр. Қазір Ұлттық Банк бізге, сарапшыларға, теңгені сатып алу-сату операциялараның көлемін ашпайды. Теңгенің өткен аптада өз позициясын сақтап қалғанын салық аптасымен де байланыстыруға болады".

Онымен қаржы сарапшысы Владислав Туркин де келіседі. Егер бұл күйзелістер орта мерзімді перспективада сақталса, олар елдің төлем балансына теріс әсер етуі мүмкін дейді, ол. Онда мұнай бағасының төмендеуіне байланысты экспорттың көлемі түсіп кетеді немесе теңгеге қарағанда рубльдің арзандауы салдарынан импорт өсе бастайды.

"Осы факторлар арасында қолайлы тепе-теңдікті сақтау аясында теңге бағамының 385-392 дәлізінде орнауын күтуге болады. Бұл біздің экономика құрылымына айтарлықтай зиян келтірмейді. Осыған сүйене отырып, мен доллар 397 теңгеден аспайды деп ойлаймын".

Ұлттық Банк RUB/KZT жұбында орналасқан тепе-теңдікті сақтауға барын салады деп жазады, Tengenomika. Бірақ сонымен бірге, Мәскеу биржасында USD/RUB жұбы өскен сайын, біз биржада теңгенің долларға шаққандағы әлсіреуін күтуіміз керек. 

Тегтер: