USD
USD
USD

Десанттар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына үлес қосты

32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көпбалалы отбасыларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, жесірлерге және жалғызбасты аналарға мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті, деп жазды baq.kz.

сыйлық
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бөлімнің жеке құрамы 15 оқушыға мектеп сөмкелерін алып, ішін қажетті кеңсе заттарымен толтырды.

"Бөлімнің басшылығына және 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының барлық жеке құрамына көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін алғысымды білдіргім келеді",– деді 32363 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Шынар Ахметова. 

Сыйлық сөмкелерінде оқушыға қажет нәрсенің бәрі: дәптерлер, альбомдар, күнделіктер, қаламдар, қарындаштар, бояулар және пластилиндер бар.

Жыл сайын десантшы жауынгерлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Осылайша, әскери қызметшілер қиындыққа тап болған адамдарға қол ұшын береді. Мұқтаж адамдарға материалдық және моральдық қолдау көрсету оларға сенімді нығайтып, достықты дәріптеуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг