USD
USD
USD

Деректер транзитінен – 300 млн АҚШ доллар табыс

Қазақстан Каспий теңізінің табанымен өтетін талшықты-оптикалық желі арқылы пайда табуды көздеп отыр. Қытайдан Еуропаға тасымалданатын деректер транзитінен 10 жылда 300 млн АҚШ доллары ел бюджетіне түседі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ агенттігі хабарлады. 

Деректер транзитінен – 300 млн АҚШ доллар табыс
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Бұл байланыс желісі Қазақстан мен Әзірбайжанды жалғап жатыр. Ауқымдырақ қарастырсақ, бұл біздің ел арқылы Қытайдан Еуропаға трафик транзитін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанға неліктен тиімді? Деректер транзитінен түскен табыс 300 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Мұны сапалы жол салумен салыстыруға болады. Онымен жүк ағымы артып, бюджетке қаражат түседі, жол бойы қызметі дамиды, тағысын тағылар», – деді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Жобаны қазақстандық-әзірбайжандық мекеме іске асырмақ. Оған 60 млн доллар шамасында инвестиция тартылып, 150 жұмыс орны ашылады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.