USD
USD
USD

Депутаттың ұлы 34 жасында аудан әкімі болды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды. Әкім постына 34 жастағы Эльдар Тумашинов отырды. 

Депутаттың ұлы 34 жасында аудан әкімі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ол 34 жаста, соған қарамастан, басқарушы ретінде жақсы тәжірибесі бар, соңғы рет "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды. Ол әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын бақылау және шағын және орта бизнесті қолдауға тікелей қатысы бар компания. Бізде жас басқарушылар шығып жатқанына қуаныштымын. Әсіресе, Глубокое ауданында жақсы команда қалыптасты", - деді Ахметов. 

Ахметовтің қай команданы айтып отырғаны түсініксіз. Жуырда ғана ауданның бұрынғы әкімі Тамара Рахымжанова пара алып сотталған орынбасарының кесірінен отставкаға кетуге мәжбүр болды. 
Тумашинов жайлы жаңалық шыға салысымен, желі қолданушылары оны сын астына алды. Әкесі облыстық мәслихаттың депутаты болса, 34 жаста "жақсы команданы" басқару ешкімге де қиын еместігін атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті