USD
USD
USD

Депутаттар Сағынтаевты жазаға тартуды талап етті

Қазақстан халықтық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады.

Депутаттар Сағынтаевты жазаға тартуды талап етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар Алматыда орналасқан обсерватория мен Фесенков атындағы астрофизикалық институтының рекреациялық жерлерін маусымдық тұрғын үй және аз қабатты құрылыс жерлеріне ауыстыру туралы ақпаратты тексеруді талап етуде.

Бұған дейін заңгер Бақытжан Базарбек Facebook желісінде мұндай шешімді Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қабылдағанын жазған.

«Ғылымды, оқу-танымдық, киелі орындарды өз іс-әрекеттерімен, билікті асыра пайдаланып құртқан шенеуніктер әділетті Қазақстанның жаңа көзқарастарына сай жазаланатынына сенімдіміз», - деді депутат Ирина Смирнова. 

Обсерваторияның айналасында құрылыс жүргізу мүмкін емес. Өйткені бұндай үйлерді салу зерттеулер мен бақылаулар жүргізу кезінде кедергі келтіреді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер