USD
USD
USD

Депутаттар мен министрлер екпе қашан салдырады?

Вице-министр депутаттар мен министрлерге вакцина наурыздың соңы – сәуірдің басында салынады деп жоспарланып отырғанын атап өтті. 

Депутаттар мен министрлер екпе қашан салдырады?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Министрлер мен парламент депутаттарын вакциналау наурыздың соңы – сәуірдің басы басталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер – денсаулық сақтау вице-министр Ерлан Қиясов мәлімдеді.

«Олар мемлекеттік қызметкерлермен бірдей вакцина салдыратын топқа кіреді. Бұл кезең медициналық қызметкерлер, педагогтар, әскери қызметшілердің вакцинациясы толығымен аяқталғаннан кейін жүргізіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге вакцина егуді көздейді», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Вице-министр депутаттар мен министрлерді вакциналау болжаммен наурыздың соңы – сәуірдің басында жүргізілетінін атап өтті. «Сол уақытта қандай вакцина қолжетімді болса, соны егеміз. «Спутник V» вакцинасы болатын шығар», – деді Қиясов.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Sputnik Қазақстанға «Спутник V» вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ