Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Депутаттар «Қазавтожолды» басбұзарға теңеді

«Ақ жол» партиясы ақылы автожолдар тарифінің 5 есе қымбаттауына қарсы наразылыққа шыққан жүргізушілер мен кәсіпкерлерді қолдап шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутаттар «Қазавтожолды» басбұзарға теңеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақжолдықтар осы мәселе төңірегінде Индустрия жән инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұловқа депутаттық сауал жолдады. Олардың айтуынша, кейінгі күндері елдің бірнеше аймағында ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері наразылық акциясына шыққан. Депутаттар «Қазавтожол» компаниясының жүгенсіздігіне қарсы.

««Қазавтожол» құрылған 2013 жылдың өзінде Ақ жол партиясының мүшелері «мемлекеттік функциялар мен салық төлеушілердің есебінен коммерция жасайтын кезекті құбыжық құрылғалы» жатқан айтқан болатын. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар бұл ескертуімізді елеген де жоқ. Ал содан бері компанияның басы жемқорлық шуынан арылмай келеді», - дейді депутаттық сауалды оқыған Азат Сембинов.

Оның айтуынша, Қазавтожол компаниясының бүгінгі тәбеті тағы да жаға ұстатып тұр.

«Ақылы жолдардың бастамашылары бұл тәртіп – нарықтық экономиканың талабы екенін түсіндіргісі келеді. Алайда нарық бәсеке мен таңдауды да есепке алуы керек қой. Ал «Қазавтожолдың» амал-әдістері көлік иелеріне таңдау бермек түгілі, «өмірің қымбат па, әлде әмияның қымбат па?» деп тұрған шектен шыққан басбұзарға секілді – соңғы ақшасын сиырып әкетіп жатыр. Қазақстанның жері кең. Жүкті жеткізудің өзінде тауардың өзіндік құнының 10-15 пайызы шығып кететінін ескеру керек. Ал тариф 5 есе өссе, бұл дегеніңіз ел үшін азық-түлік пен тауардың бағасы шарықтап шыға келетінін білдіреді. Мемлекет бизнестен, энергетиктерден бағаны өсірмеуді талап етеді. Ал «Қазавтожол» дәл осы кезде тарифтерді шексіз көтере бергісі келеді. Бүкіл ел монополияның тұтқынына айналды. Біз компаниядан тарифті көтеру бастамасынан бас тартуды талап етеміз», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА