USD
USD
USD

Депутаттар қайырымдылық жасады

Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде Мәжіліс депутаттары еліміздің әр аймағында коронавирус індетінің салдарының қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қайырымдылық шараларын өткізді.

Депутаттар қайырымдылық жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қасиетті мерекеде депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасылар мен қарттарға азық-түлік пен қажетті заттарды және жеке қорғаныс құралдарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Асылбек Смағұлов және Нұржан Әлтаев мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен бірге қарттар мен көпбалалы отбасыларға барып, азық-түлік пен құрбандыққа шалынған малдың еттерін берді.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі