USD
USD
USD

Депутаттар: Халыққа тезірек вакцина салу керек

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрайды. Асқар Маминге жолданған депутаттық сауалды Зағипа Балиева бүгін Мәжіліс отырысында оқып берді.

Депутаттар: Халыққа тезірек вакцина салу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді.

Депутаттар вакцинациялауды Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізуді ұсынады.

- Біз бәріміз коронавирустан қорқып қалдық, бірақ әлемдегі барлық пневмониялардың ішінде COVID, тек 4-5% құрайды, ал қалған 95% басқа тектен шыққан. Атап айтқанда, пневмококктан. Пневмококктық вакцинасы 65 және одан жоғары жастағы барлық адамдарға салу керек. 19 жастан асқандар үшін - егер бұл адам қант диабетімен, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған болса. Пневмококктық вакцинациядан өті жоқ немесе кохлеарлы имплантантпен жүргендерді босатуға болады, - деді Балиева.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында республикамызда пневмококк инфекциясына қарсы жүйелі түрде вакцина егіліп келеді: бірінші вакцинация - 148,221 (1 жасқа дейінгі балалар санының 43,2%), екіншісі - 133 723 (1 жасқа дейінгі балалар санының 38,9%) және үшінші вакцинация - 137 554 (2 жасқа дейінгі балалар санының 40,6%) адам алды.

Коронавирустың қайта бой көтеру ықтималдылығын ескере отырып, онымен қатар жүретін инфекциялардан туындаған аурулар, мысалы, пневмококк, өмірге нақты қауіп төндіреді.

- Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттанушылықты азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне ықпал етеді. Егер біз қазірден бастап жаппай вакцинация жасайтын болсақ, онда ертең жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды, - деп сөзін түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу