USD
USD
USD

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Құрылтайдың 23 қыркүйектегі отырысында депутаттар Президентке Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім берді.

Конституциялық сот ғимараты
Фото: Конституциялық сот/facebook.com

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Сәкен Абдолла;
  • Лейла Сұлтанқызы Жақаева; 
  • Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
  • Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
  • Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева;
  • Қанат Сергейұлы Мусин;
  • Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
  • Сергей Васильевич Скрябин;
  • Аслан Султанович Тукиев;
  • Сергей Федорович Ударцев Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ депутаттар Президентке Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындауға келісім берді. Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Азамат Мақсотұлы Айманақұмов;
  • Михаил Михайлович Бортник;
  • Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман;
  • Әсел Болатқазықызы Жанәбілова;
  • Ләззат Кенесқызы Сүйіндік;
  • Шавхат Әнесұлы Өтемісов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай отырысында бұған қоса депутаттар Президентке Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісті.

  • Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов;
  • Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев;
  • Амангелді Сағындықұлы Есенов;
  • Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов;
  • Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков;
  • Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов;
  • Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев;
  • Юлия Федоровна Энгель Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Президент ұсынған кандиттарды Құрылтай депутаттар бірауыздан қолдады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті