USD
USD
USD

Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект көмегімен заң жобасы әзірленді

Құрылтай депутаттары балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты құжатты жасанды интеллект көмегімен дайындаған. Бұл туралы Құрылтай вице-спикері Динара Закиева Үкімет сағатында мәлімдеді

Ерекше балаларға арналған орталық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Закиеваның айтуынша, AI-Quryltai платформасына заңнамалық тұрғыда ойлай алатын арнайы жасанды интеллект моделі енгізілген.

Платформа азаматтардың өтініштерін, ата-аналар мен сарапшылар көтерген мәселелерді, ықтимал қауіптер және халықаралық тәжірибені саралап, депутаттарға балалардың цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіпсіздігіне қатысты жан-жақты шешім ұсынған. 

Сонымен қатар платформаға 800 мыңнан астам нормативтік құқықтық актіні қамтитын база біріктірілді. Арнайы оқытылған заңнамалық модель заң жобасының мәтінін әзірлеуге тікелей пайдаланылған. Нәтижесінде құжатқа 120-дан астам түзету ұсынылды.

«Балаларға арналған “сүзгі” енгізіліп, сәйкесінше барлық таңбаланбаған және тексерілмеген цифрлық және ақпараттық өнімдер, қосымшалар, ойындар балаға қолжетімсіз болады. Сондай-ақ платформаларға барлық цифрлық өнімдерді, соның ішінде қосымшалар мен ойындарды таңбалау, оларды верификациялау, сондай-ақ қауіптер мен бұзушылықтар анықталған жағдайда бұғаттау жөніндегі талаптарды енгізу ұсынылады», – деді Динара Закиева.

Сонымен бірге жасанды интеллект ұсынған барлық нұсқа депутаттардың тексеруінен және қосымша пысықтауынан өтті. Бұл жұмысқа заңгерлер, ақпараттық және цифрлық қауіпсіздік саласының сарапшылары да қатысқан.

Қазір заң жобасы Үкіметтің қорытындысын алуға жіберіліп жатыр. Оны пысықтау Құрылтайдағы жұмыс тобы аясында жалғаспақ.

Қазір оқып жатыр

59 мың бала пәтер күтіп жүр: министр жетім балалардың жағдайын айтты

Жұлдыз Сүлейменова

Әйгілі Роналдиньо қазақ бүлдіршіннің тұсауын кесті

Рональдиньо қазақ отбасымен

ШҚО-да тарихи қорғандарды техникамен бүлдіру дерегін полиция тексеріп жатыр

Шілікті қорғаны аумағы

Жұманғариннің бұрын сотталған кеңесшісі: Министрлік оның не үшін қызметке алынғанын түсіндірді

.