USD
USD
USD

Депутат Сартбаев Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев еліміздегі паллиативтік көмек орталықтары туралы мәселе көтеріп, Денсаулық сақтау министрлігіне депутаттық сауал жолдады.

 Депутат Сартбаев Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, Астанада емделмейтін диагнозы бар науқастар көмек алатын қалада жалғыз паллиативтік көмек орталығы бар. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте «паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені» деп көрсетілген.

Алайда, хоспистер мен паллиативті көмек орталықтарын қаржыландыру мәселесі әлі де өзекті, себебі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдар тиісті түрде реттелмеген.Паллиативтік көмек орталықтарының жұмысына ақша кепілдендірілген тегін медициналық көмектің бөлігі ретінде бөлінеді, бірақ ол қаржы барлық қажет шығындарды өтемейді.

Биыл орталық соңғы 2 айда көрсетілген қызметтер үшін қаржыландырудың «негізсіз» 90%-ға қысқаруына байланысты тағы да қаржылық қиындықтарға тап болды. Бүгінгі таңда мекеме көрсетілген қызметтер үшін 2 айда 27 млн. теңге алуы тиіс еді, ал негізінде орталыққа тек 3 млн.теңге бөлінеді. Бұл ақша тіпті несие берушілер алдында қарызды жабуға да, пациенттерге азық-түлік сатып алу үшін де жеткіліксіз. Болашақта бұл мекеменің жабылуына әкелуі мүмкін, ал 100-ге жуық пациент далада қалады.

Паллиативтік қызметке қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көмекке мұқтаж азаматтардың мүдделердің мен құқықтарын бұзатын олқылықтар бар.

Жоғарыдағы мәселелерге байланысты ұсыныстар да айтылды. Олар:

- Шұғыл түрде орталықты қаржыландыру мәселесін шешу жолдарын анықтауды және үй-жай мәселесін шешу: жалдау ақысын төлеуге жәрдемдесу немесе тұрақты үй-жай беру мүмкіндігін қарастыру;

- Паллиативтік көмек орталықтары орналасқан жері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыру ала алатын мүмкіндікті қарастыру;

- ӘМСҚ қатысушыларының қызметіне қойылатын нақты талаптарды ретке келтіріп, мониторинг нәтижелерін талқылады қолжетімді әрі "ашық" ету;

- Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіп, «стационарлық» пен «паллиативтік көмек» ұғымдарын нақты ажыратып, осылайша, паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттердің құқықтарын қорғау.

 

 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.