Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Депутат: "Оқушылар жарытып білім алмады"

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы қашықтан оқыған оқушылардың білім сапасы туралы айтты.

Депутат: "Оқушылар жарытып білім алмады"
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат депутатының пікірінше, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмағандықтан, білім сапасы бірнеше жылға кейін шегерілді. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы барлық ауыл мен аудандағы мектеп оқушыларын дәстүрлі форматқа көшіру қажеттігін мәлімдеді.

Сенаттың жалпы отырысында депутат әлемдік пандемияның білім саласына да, сапасына да кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді. Алайда Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерде көп жағдайда дәстүрлі білім беру форматын сақтап келеді.

"Мысалы, Байқоңыр қаласында Ресей құзыретіне қарайтын жеті мектептің барлық сынып оқушылары толыққанды дәстүрлі түрде оқып жатса, қазақстандық мектептердің оқушылары қашықтықтан оқып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады?", – дейді Бақтиярұлы.

Оның ойынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады. Әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғады. Бұның бәрі білім сапасын бірнеше жылға кейінге шегеріп тастайды.

"Сондықтан да еліміздегі барлық ауылдар мен аудандардағы мектептерде оқушыларды дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек", – деп атап көрсетті Бақтиярұлы.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшеді. Бұл дегеніміз, пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта өтсе, 30 проценті қашықтан оқытылады

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф