USD
USD
USD

Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға іш киімін лақтырғандар мен домбыра сыйлағандарды сынға алды

Депутат Akon-ды ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлаған ұйымдастырушыларды сынға алды.

Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға іш киімін лақтырғандар мен домбыра сыйлағандарды сынға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ қазіргі жастар ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап бара жатқанына алаңдайтынын айтты.

«Астанада өткен Akon-ның концертіне байланысты бірнеше аспектлерге тоқталайын. Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді.  Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті. Үшіншіден, «smack that»  әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз», – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, жастарымыз TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барады.

«Күні кеше ғана Астанада өткен Akon-ның концертінде жанкүйер жастар төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Ал ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы - қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын», - деді депутат.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар