26 Сәуір 11:45
...

Депутат Айдос Сарым неге дөрекіленіп жүр?

Фото:

Саясаттанушы әрі журналист Мұхтар Сеңгірбай депутат Айдос Сарымды сын тезіне алды.

Алматы, NEGE. Оның пікірінше, «Нұр Отан» Берік Әбдіғалиұлы, Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан сияқты азаматтарды депутаттыққа өткізгенде халықпен диалогты жақсартсын, заңдарды елге дұрыс түсіндірсін, билік партиясының құлдыраған беделін көтерсін деп өткізген. Десе де, олар әзірге бұл үдеден көрінбей отырғанына қынжылады. 

«Ал диалогтың сиқы мынау: Жер заңының бір бабы туралы сұрақ қойған Мият Кәшібайға Айдос Сарым "не оттай береміз?" , "88 миллион қытай жүр ме?", "заңды оқып ал" деп дөрекі жауап берген. Журналистпен сөйлесуді бір білсе Айдос Сарым білетін еді, депутат - халық өкілі екенін, шенеунік - халықтың арқасында шенеунік екенін, баспасөз халықтың көзі мен құлағы екенін, елдің "Нұр Отанға" көзқарасының қандай екенін бір білсе Айекең білетін еді. Әттең», – дейді Мұхтар Сеңгірбай.

Саясаттанушының айтуынша, 2016 жылғы бүкіл елді көтерген жер митингілерінің неден болғанын басқалар ұмытса да, "Нұр Отан" есте сақтауы керек еді.

«Әрине, біздің жүйеде сайлаушының көңіліне келіп тіреліп тұрған ештеңе жоқ қой, бірақ депутаттыққа өткізген партияның сенімін де ойласа болар еді», – деп тілегін білдірді.

Тегтер: