USD
USD
USD

Депутат 15 тәулікке қамауға алынды

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Қайрат Әбішев әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Жол полициясы 25 мамыр күні таңғы 5.00 шамасында «Toyota Camry» маркалы көлігін тоқтатқан. Бұл автокөлік техникалық бақылаудан өтпеген. Ол аздай, көліктің иесі өзін басқа адамның есімімен таныстырған. Тіпті, алкоголь иісі шығып тұрғанына қарамастан, медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін көліктің иесі әрі жүргізушісі облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әбішев екені анықталды. Полицейлер құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік Кодекстің 613-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен отырыс барысында депутат кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік иісінің шығуын ем үшін құрамында спирті бар препаратты қолдануымен байланыстырды. Медициналық куәландырудан өзін нашар сезініп тұрғаны үшін бас тартқан көрінеді. Алайда бұл сөздерін айғақтайтын дәлелдер ұсына алмады. Сот шешімі бойынша Қайрат Әбішев кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Айта кетейік, Қайрат Әбішев – облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі «Дәнекер» шаруа қожалығының басшысы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың VI, VII шақырылымдарының депутаты.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі