USD
USD
USD

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Қазақстанда жүрек-қантамыры ауруларын ерте анықтап, асқынудың алдын алу үшін пациенттерді бақылау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл мәселені Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Данбаева Денсаулық сақтау министріне жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұлдыз Данбаева
Фото: Gov

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, пациентті есепке алу ғана жеткіліксіз. Оның емді тұрақты қабылдауы мен денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бақылау маңызды. Осыған байланысты ол 18 жастан бастап скрининг жүргізуге арналған жасанды интеллект бағдарламаларын және пациенттердің жағдайын қашықтан мониторингтеу жүйесін енгізуді ұсынды.

Qazaq Expert Club сарапшысы Гүлнафис Жүсіпәлиева да аурудың алдын алу тек тексерумен шектелмеуі керек деп есептейді.

«Басты мәселе – қанша адамды тексергенімізде емес, тексеру нәтижесінде қанша адамның денсаулығын сақтап, аурудың асқынуына жол бермеу керек», – деп атап өтті сарапшы.

Айта кетейік, Қазақстанда қанайналым жүйесі аурулары бар 1,9 миллион пациент медициналық бақылауда тұр. Сонымен қатар кардиолог тапшылығы мен дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алаяқтықпен жымқырған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс