Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Депутат жаңа Конституцияда өлім жазасына тыйым салуды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв өлім жазасына қатысты ұсынысын жеткізді.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Депутат адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың «өмір сүру құқығының абсолютті сипатын Конституция арқылы бекіту қажет» деген ұстанымын қолдады.

«Мына норманы енгізу ұсынылады: "Өмір сүру құқығы – әрбір адамның абсолютті әрі ажырамас құқығы. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға құқығы жоқ". Және ең бастысы: "Өлім жазасына тыйым салынады"», – дейді Сергей Пономарёв. 

Оның пайымдауынша, бұл норма Ата заңның гуманистік сипатын күшейтіп, Әділетті Қазақстан қағидаты мазмұнын нақтылай түседі.

Айта кетейік, Конституцияның 77 бабына түзету енгізу көзделген. Осылайша Конституция мәтінінің 84%-ы өзгермек.

Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұхановтың мәлімдеуінше, жаңартылған Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш