USD
USD
USD

Депутат Тұрлыхановтың ұлы сотқа қамаудағы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтініш берді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат өзіне кесілген жазаны айыппұлға ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіріп, жүгінді.  

Нұрасыл Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Нұрасыл Болаттың өтінішіне қатысты сот отырысы 19 маусым күні сағат 14:40- та өтеді, – деп хабарлады Алатау қалалық сотынан.

Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді.

2023 жылдың 9 қазанында Алматы қалалық әскери сотында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Сот үкімімен ол ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 1 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалған еді.

Кейін әлеуметтік желіде Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарады.

Былтыр қараша айында Медеу ауданының № 2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған