USD
USD
USD

Депутат «еңбек демалысына» қатысты өзгеріс болатынын айтты

Депутат Асхат Аймагамбетов Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігін күшейту және қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасын ұсынды.

еңбек шарты
Фото: e-xecutive.ru

Астана, NEGE. Аймағамбетовтің айтуынша, еңбек заңнамасында әлі де олқылықтар бар. Мәселен, енді азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдерге (ГПХ) қатысты өзгерістер болады. 

«Көп жағдайларда жұмыс берушілер шығынды азайту және әлеуметтік кепілдіктерден жалтару мақсатында еңбек шартының орнына жаппай азаматтық-құқықтық сипаттағы(ГПХ) келісімдер жасайды. Адам жұмыс кестесіне бағынады, басшысы бар, бірақ қағаз жүзінде ол – жұмысшы емес. Енді біз нақты шекара енгіземіз: егер еңбек қатынастарының ең болмағанда бір белгісі болса, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдерге тыйым салынады», – деді ол. 

Депутат азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерден айырылатынын айтты. 

Ол еңбек демалысына шыға алмайды. Әйелдер де жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды. Енді біз бұған нақты тосқауыл қоямыз, – деді депутат.

Сонымен қатар, ол жұмысты бірдей атқаратын қызметкерлер арасындағы жалақы айырмашылығы туралы айтты. Оның сөзінше, кейбір компаниялар шетелдік мамандарға Қазақстан азаматтарына қарағанда бірнеше есе жоғары жалақы төлейді, бұл айқын әділетсіздік туғызады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов