USD
USD
USD

Депутат GPS-трекер сатуға шектеу қоюды ұсынды

Мәжіліс депутаты Әбүтәліп Мүтәлі азаматтарды жасырын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылар нарығын қатаң реттеуді ұсынды. 

GPS-трекер
Фото: Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, GPS-трекерлер, жасырын камералар мен дыбыс жазу құрылғылары, GSM-маяктар және түрлі онлайн платформалар бүгінде ешқандай лицензиясыз еркін сатылып жатыр. 

«Осы құрылғылар арқылы ел азаматтарын заңсыз бақылауға алу мүмкіндігі бар. Бұл азаматтардың жеке өмірі мен отбасылық құпиясын қорғау құқығына қауіп төндіріп қана қоймай, жеке деректерді заңсыз жинау, бопсалау, қысым көрсету және корпоративтік тыңшылық сияқты тәуекелдерді арттырады», – дейді Әбүтәліп Мутәлі.

Сондай-ақ депутат құқық қорғау органдары жүргізген рейдтер кезінде жасырын камера орнатылған қаламдар, тұрмыстық заттарға жасырылған бейнеқұралдар, көзілдірік пен флешка түріндегі тыңдау құрылғылары анықталғанын айтты. Алматы мен Теміртау қалаларында мини-камералар мен GSM жүйелері тәркіленіп, кейбір сатушылар жауапкершілікке тартылған.

Депутат Қылмыстық кодексте бұл құрылғыларды өндіруге, сатуға және пайдалануға тыйым салатын норма бар екенін атап өтті. Алайда соған қарамастан, олардың жаппай айналымы әлі күнге дейін нақты құқықтық бақылаудан тыс қалып отыр.

Әбүтәліп Мутәлі жасырын бақылауға арналған құрылғыларды міндетті түрде сертификаттау және лицензиялау қажет екенін жеткізді. Оның пікірінше, Ішкі істер министрлігі, Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі мен Бас прокуратураның қатысуымен бұл нарықты қадағалайтын арнайы жүйе құрылуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.